Астанада азық-түлік дүкенінде белгісіз ер адам әйелді соққыға жықты

272

Оқиғаға Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады.  

Астанада азық-түлік дүкенінде белгісіз ер адам әйелді соққыға жықты Фото: видео скриншот

Астанада азық-түлік дүкенінде белгісіз ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқан сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 7 шілде күні әйел дүкенде жүріп, абайсызда біреудің баласын қағып кеткен. 

"Баланың әкесі менімен дауласа бастады, мен кешірім сұрадым. Өйткені балаға зиян келтіру ойым болған жоқ. Осыдан кейін жанжал басталып, ол мені балағаттай бастады. Баласын қолында ұстап тұрып, мені бір-екі рет итеріп жіберді, ол баламен тұрғандықтан мен ешқандай жауап бермедім. Сосын ол кетіп қалып, баласыз қайтып келді, барлығын видеодан көруге болады", — дейді жәбірленуші. 

Оқиғаға Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

"Әдепсіз сөздер айтқаны үшін ер адам сот шешімен 5 тәулікке қамауға алынды. "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген полиция хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу