Астанада белгісіз ер адам жолға шығып, көліктердің астына жүгірді. Полиция дер кезінде ер адамды алып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты astanovka98 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Жағалау" ауданының тұрғындарының айтуынша ер адам "қоян!" деп айқайлаған. Бір-екі минуттан кейін полиция келіп, оны қарсылықсыз алып кеткен. Видеода оның мас екені көрінеді", – делінген видеодағы жазбада.
Астана полиция департаменті баспасөз қызметі оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
"Бұл факт бойынша құқық бұзушы ұсталып, түнде жаяу жүргіншілер ережелерін бұзып, шулы мінез-құлқы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу