Астанада бензин тағы да көтерілді

896

Астанада бензин тағы да көтерілді

Астанадағы жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы жанар-жағармай стансаларында тағы да өсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне барша еліміз бойынша 141 теңгеге дейін өсті. Бұған дейін отын құны 139  теңге болатын. Сонымен қатар осында АИ-95 бензині де қымбаттады. Егер де бұған дейін бір литрі 150 теңгеге сатылса, бүгінгі баға 154 теңге деңгейінде белгіленді. Ал АИ-80 бензині литріне 89 теңгеден өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, ҚМГ-да ең арзан бензин сатылған болатын. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. 2017 жылғы 6 ақпаннан бастап 139 теңгеге жетті.

"Номад ойл" бекеттерінде АИ-92 отыны 139-дан 141 теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар бензин бағасы "Sinooil" жанармай құю стансаларында бұрынғы деңгейде тұр. Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр.

"Helios" жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 140 теңге (ақпанның басында 138 теңге болды), АИ-95 отыны 151 теңге сомасында саудалануда.

Бұдан бөлек, "Аурикада" АИ-92 маркасының құны 141 теңге болса, АИ-95-тің бағасы 161 теңгені құрап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу