Астанада Номад Ойл ЖЖС желісі АИ-92 маркалы бензинді талонмен сата бастады. Бұл туралы Фейсбук қолданушысы өз парақшасында Дәурен Қайсаров мәлімдеп отыр, деп жазады kursiv.kz.
Номад Ойл жанар-жағармай құю станцияларының бірі бұл ақпаратты растады.
ЖЖС қызметкерлері бұл тек елімізде өндірілген отынға ғана қатысты екенін атады, дей тұрғанмен бұған не себеп екенін ашып айтпады.
"Бізде осындай бұйрық шықты, ештеңе айта алмаймыз", – деп хабарлады ЖЖС операторы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу