Астана халқының саны 2018 жылдың 1 маусымында 1045137 адамды көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42263 адамға немесе 4,2% көп, деп хабарлайды Елорда Инфо статистика комитетіне сілтеме жасап.
2018 жылдың қаңтар-мамыр айындағы көрсеткішке сәйкес, Астанда 11890 нәресте дүниеге келді, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42263 адамға немесе 4,2% көп. Туудың 1000 адамға шаққандағы жалпы коэффиценті 27,42 көрсетті.
Осы аралықта қалада 1719 адам қаза тапты. Өлім-жітімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 3,96-ны көрсетті.
Аталған кезеңде халықтың табиғи өсімі 2017 жылмен салыстырғанда қалада дүниеге келген балалардың есебінен 474-ке немесе 4,9% көбейді.
Сондай-ақ биылғы жылдың бес айында елордаға 35370 адам келіп, 30981 адам кетті (көші-қон сальдосы +4389 адам).