Астанада бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 11 жастағы бала көз жұмды

346

Құтқарушылар 40 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялаған.

Астанада бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 11 жастағы бала көз жұмды Фото: istockphoto.com

Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жедел жәрдем бригадалары ауруханаларға алты зардап шегушіні – бір ересек адам мен бес баланы жеткізген.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, барлығы қатты дәрежедегі көміртегі тотығынан уланған. Зардап шеккендер реанимацияға жатқызылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"2014 жылы туған бір бала аса ауыр жағдайда жеткізіліп, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан көз жұмды", – делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, өрт 6 желтоқсан күні үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде шыққан. Қатты түтін бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі подъезге тез таралып, тұрғындарға қауіп төндірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу