Бес жасар қызды ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

1072

Бес жасар қызды ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Астана қаласының ішкі істер департаментінде бес жасар қызды ұрып-соғу фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

"Сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдарының басқа мәліметтерін ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды", – деді ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

Айта кетейік, ақпанның 28-інен 1  наурызға қараған түні Астанада 5 жасар Имериаль Садуақасова ұрып-соғу салдарынан қалалық №2 балалар ауруханасына түскен. Жедел жәрдем жеткізген кезде қыздың денесінде басынан аяғына дейін көгерген іздер болған. №2 қалалық балалар ауруханасының мамандары операция жасап, қазір ол аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу