Астанада автобус жүк көлігімен соқтығысты

431

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Астанада автобус жүк көлігімен соқтығысты Фото: pixabay.com

6 қарашада Астанадағы Тұран даңғылында жол апаты орын алды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды  Inbusiness.kz  сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, бетон араластырғыш жүк көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, салдарынан аялдамада тұрған автобуспен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті Астана қалалық ПД.

Айта кетсек, Қостанай облысында полиция көлігінің апатқа ұшырауына мас ауыл тұрғыны түрткі болған. Тексеру барысында полиция көлігі ішіндегі мас тұрғын учаскелік полиция қызметкерінің көлік жүргізуіне кедергі келтіргені анықталды. Салдарынан көлік кюветке ұшып, аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу