Астанада BI Group холдингінің бірыңғай ипотека орталығы ашылды

1874

Орталықта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "Сбербанк", "Банк Центр Кредит" және Қазақстан ипотекалық компаниясының менеджерлері қызмет көрсетеді. 

Астанада BI Group холдингінің бірыңғай ипотека орталығы ашылды

Енді тұрғындар компаниядан ипотекаға үй алу үшін банкке барып әуре болмайды, деп хабарлайды 24.kz.

Бірыңғай ипотека орталығы "бір терезе қағидаты" бойынша жұмыс істейді.

"Біз клиенттеріміз уақыт жоғалпас үшін осындай орталық ашып отырмыз. Бұл жерден біздің компаниядан кез келген пәтерді таңдап, 4 түрлі банктің ипотека шарттарымен таныса алады. Кейіннен өзіне қажетті келісімшартты таңдайды. Бүгінде біздің компаниядан ипотекаға үй алушылардың саны артып келеді. Мәселен, жыл басында бұл көрсеткіш 6 пайыз болса, 7-20-25 бағдарламасы аясында қазір 10 пайызға жетті. Ал келер жылы 30 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", – дейді BI Group холдингінің басқарма төрағасы Амангелді Омаров.

Орталықта  "BI Group" - пен жұмыс істейтін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "Сбербанк", "Банк Центр Кредит" және Қазақстан ипотекалық компаниясының менеджерлері қызмет көрсетеді. Бүгін холдинг аталмыш банк өкілдерімен меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу