Астана қаласының Есіл ауданында 1 маусым күні биік кранның бір бөлігі жанында тұрған кранның үстіне құлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдай Қабанбай батыр даңғылы мен Алматы көшелерінің қиылысында, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жанында сағат 15-04-те болған.
Биік кран басындағы монтаждау жұмыстары кезінде кранның бір бөлігі қасындағыға құлап кетті.
Абырой болғанда, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Оқиға орнында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу