Астанада биіктіктен құлап, ауруханада жатқан альпинист қайтыс болды

395

Науқастың жағдайы ауыр болған.  

Астанада биіктіктен құлап, ауруханада жатқан альпинист қайтыс болды Фото: Inbusiness.kz

Астанада құрылыс нысандарының бірінде биіктіктен құлаған төрт альпинистің үшіншісі қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1999 жылы туылған науқас 12 қазанда көптеген ішкі жарақаттарымен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, оған барлық қажетті хирургиялық араласулар жасалды. Осы уақыт бойы науқастың жағдайы ауыр болды. Медицина қызметкерлері жүргізген кешенді емдеу, өкінішке орай, науқасты аман алып қала алмады", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, 12 қазан күні түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт  альпинист биіктіктен құлап кеткен. Олардың арасында 1999 жылы туған үш альпинист және 2002 жылы туған тағы біреуі бар. 24 жастағы жұмысшының алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу