29-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасын Сity Transportation Systems ЖШС-нің ресми instagram парақшасынан көре аласыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу