12 қазанда Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
– Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар жауды, кей жерлерде көктайғақ пайда болды) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Жазғы дөңгелектері бар автокөліктердің жұмысын ескере отырып, полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлік тежегішін күрт баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, сондай-ақ патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды, – деп хабарлады полициядан.
Бұған дейін Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.