Бүгін қаламызда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырып 40 жұп некесін қиды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бұл іс-шара дәстүрлі түрде міне қатарынан 11 жыл өтіп келеді, осы жылдар арасында 350 жұп некесін қиған.
"Мұндай шараны біз некемізді қиюға өтініш бергенде білдік. Бізге қызық болды және бірден келістік. Екіншіден біздің қуанышымыз Астана қаласының 20 жылдығымен сәйкес келіп отыр", - деді отбасын құрған жастар Құрманәлі мен Айдана Болатбек.
Айта кетейік, осы жұп алғашқылардың бірі болып Ботаникалық баққа барды. Тура осы бақта олар бір-біріне адалдығын білдіріп, некесін қиды және жолы болған жас жұбайларға бал айына саяхаттап келу сыйлығы берілді.
"Бұл біздің жыл сайынғы дәстүріміз. Оларды көптеген тосын сыйлар күтеді, соның ішінде Түркияға саяхат та бар", - деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева.
Сондай-ақ, дәстүр бойынша әрбір жұп көгершін ұшырды. Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында қаламызда 40 жұп отау құрды.