Астанада бір тәулікте 42 текше метрден артық қар шығарылды

736

Астанада бір тәулікте 42 текше метрден артық қар шығарылды

Қаланы қардан тазалау шаралары жұмыс, демалыс және мереке күндері тәулік бойы  жүзеге асырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "Астана Тазалық" ЖШС-не сілтеме жасап. 

Серіктестік мәлімдегендей, 17 қаңтарда Астанадан қардың 42 726 текше метрі шығарылды. Оның 12 473 текше метрін "Астана Тазалық" ЖШС, 1 932 текше метрін "Астана құрылысы көгалдандыру құрылысы" АҚ және 28 321 текше метрін мердігер ұйымдар шығарған. 

"17 қаңтарда көшені қардан тазарту жұмыстарына 321 жол қызметкері, арнайы техниканың 528 бірлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте қала жолдарына тұзбен араластырылған құм қоспаның 225 текше метрі себілді", - делінген таратылған хабарламада. 

Астананың коммуналдық қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу