Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болды

299

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлайды. 

Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болды Фото: inbusiness.kz

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00-ден 5 желтоқсанда таңғы 07.00-ге дейін Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама жоқ.

Полицейлер жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

"Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет", - деп ескертті Астана қаласының Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу