Елордада бірінші ауысым оқушылары тағы да онлайн оқиды

102

Бұл туралы білім басқармасы хабарлады.    

Елордада бірінші ауысым оқушылары тағы да онлайн оқиды Фото: gov.kz

Астанада бірінші ауысымның барлық мектеп оқушылары мен колледждердің кейбір студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты 12 наурызда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің (9-сынып негізіндегі) 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауысады", – делінген хабарламада.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 12 наурызда Астанада күн бұлтты болады, қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -3…-5°C болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу