Астанада бірінші қазақстандық авиациялық келіссөздері өтуде

823

  Оған 15 мемлекеттен 250-ге жуық компания қатысып жатыр

Астанада бірінші қазақстандық авиациялық келіссөздері өтуде

Астанада бірінші қазақстандық авиациялық келіссөздері өтіп жатыр. Оған 15 мемлекеттен 250-ге жуық компания мен халықаралық авиацияның ірі ойыншылары қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олар екі күн бойы Орталық Азияның авиаотын нарығын дамыту мен транзиттік әлеуетін талқылайды. Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы стандарттарға сай авиаотын өндіру мүмкіндіктері, Jet A-1 маркаға көшу сынды мәселелер де қаралады.

Авиация саласындағы шығарындыларды азайту, Қазақстанда тұрақты авиаотын  өндіру мүмкіндіктері және соңғы үлгідегі, өрт және жарылу қауіпі төмен JET А-1 маркалы отынға көшу. Форумның алғашқы күні осындай мәселелерді талқылаумен басталды. Қазақстан халықаралық ойыншыларды тарту үшін тұрақты балалмалы әуе отыны SAF маркасын өндіру мүмкіндіктерін қарастыру керек. Қазір елдегі  үш бірдей мұнай өңдеу зауыты  халықаралық стандарттарға сай келетін JET А-1 маркалы отынды шығаруға дайын.  Бірақ кедергі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу