Астанада алғашқы Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлердің құрылтайы өтеді

589

Құрылтайға 300-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, пікір көшбасшылары және азаматтық белсенділер қатысады деп күтілуде. 

Астанада алғашқы Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлердің құрылтайы өтеді Фото: pixabay.com

24 қарашада Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы Орталық Азия құрылтайы өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай ауқымды шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның әлеуметтік кәсіпкерлік көшбасшылары алғаш рет бас қосады. Құрылтайға 300-ден астам әлеуметтік кәсіпкер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, пікір көшбасшылары және азаматтық белсенділер қатысады деп күтілуде.

Форум аясында сарапшылар Орталық Азиядағы табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобалардың тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар, олар әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы қоғамдық мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдер, әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттің рөлі, әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру тетіктері туралы сөз қозғайды.

Талқылаудың ең маңызды тақырыптарының бірі – Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлері, мемлекеттік органдары және бизнес-қоғамдастығы арасындағы әріптестікті нығайту мәселелеріне арналады.

Құрылтай Қазақстан әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ӘИҚ) бастамасымен және Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің, Орталық Азия елдері депутаттарының, Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ, Еуразиялық ресурстар тобының (ERG) қолдауымен өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу