Астанада бірқатар автобус парктерінің жауапты басшыларына айыппұл салынды

948

Астанада бірқатар автобус парктерінің жауапты басшыларына айыппұл салынды

Астана қаласы. ІІД Жергілікті полиция қызметі қаңтардың 26-28 аралығында "Автобус" жедел алдын алу шарасын өткізді. Ол елорда жолдарындағы апаттылық деңгейін төмендетуге, жүргізушілер арасында көлік жүргізу тәртібін нығайтуға, және жол қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үш күн бойы тәртіп сақшылары қалалық автобустардың бағдарға шығар алдындағы техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғын, медициналық тексеруден және техникалық бақылаудан өткен-өтпегенін тексерді. Шара барысында автобустарды нормативтер мен стандарттарды бұза отырып басқару және пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды.

Шараның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзудың 500-ге жуық оқиғасын тіркеді, соның 53-і маневрлеу ережелерін бұзу және 4 дерек қозғалыс барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу оқиғалары болды. Нәтижесінде автобус парктерінің 12 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 автобусты пайдалануға тыйым салынды. Автобус басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін 64 жүргізушіге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу