21 маусымда сағат таңғы 4:00-ден 22 маусымдағы сағат таңғы 4:00-ге дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарының аралығында жатқан Керей мен Жәнібек хандар көшесінің бөлігі автобус қозғалысы үшін жабық болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Керей мен Жәнібек хандар көшесінде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілетіндіктен, бірнеше автобус бағдарының қозғалысы өзгеретін болады.
№ 40 автобус "Клиникалық-реабилитациялық кешен" бастапқы аялдама нүктесінен Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін көлік солға бұрылып, Ұлы дала көшесіне , кейін оңға бұрылып, Тұран даңғылына өтіп, бұрынғы бағыты бойынша жүреді.
Қоғамдық көлік кері бағытта осы қозғалыс бағытына сәйкес жүретін болады.