Мерекеде бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

849

Мерекеде бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Астана ІІД әкімшілік полициясы басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халықтары бірлігі күнін мерекелеу және дайындық барысында, Тәуелсіздік даңғылы мен "Қазақ елі" алаңы және оған жақын басқа да көшелермен жүретін транспорт құралдарының қозғалысын шектеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

28 сәуір сағат 17.00-ден бастап Тәуелсіздік даңғылы учаскесінен Байтұрсыновтан Нәжімеденов көшесіне дейін көлік қозғалысы  іс-шара біткенше (2 мамыр 2018 жыл сағат 00.00 дейін) шектеледі. Сондай-ақ, 1 мамыр күні сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Аманжолов жақ және Момышұлы даңғылынан, Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев жақтан, Қалдаяқов көшесінен М-3  автожол көпірі (Сығанақ көшесі) жақтан және Нәжімеденов көшесінен Аманжолов көшесі арқылы жүретін көліктердің қозғалысы шектеледі.

Ал қоғамдық көліктердің қозғалысы алаң алдындағы Тәуелсіздік даңғылы бойынша кедергісіз жүретін болады. 

9 мамыр күні ағат 12.00-ден сағат 15.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша жарым-жартылай транспорт құралдарының қозғалысы шектеледі. Себебі, Тәуелсіздік даңғылының бойымен "Жаужүрек полк – Бессмертный полк" шеруіне қатысушылар жүріп өтеді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылына жақын Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Момышұлы, Майлин, Шарль Де Гол, Күйші Дина, Мұңайтпасов көшелерін де шектеу жоспарланып отыр. 

Осыған байланысты астана тұрғындары мен қонақтарына көрсетілген мерзім кезеңінде көлік қозғалысын алдын ала жоспарлап алуын сұранамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу