Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, бірнеше көше учаскелерінде жөндеу жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
26 сәуір мен 14 мамыр аралығында Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізілуде.
26 сәуірден 6 мамырға дейін Кенжин көшесінде Болашақ көшесінен Тілендиев даңғылына дейін орташа жөндеу жүргізілетін болады.
26 сәуірден 4 мамырға дейін Жаңақоныс көшесі тұйықтан Жұмбақтас тұйық көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізілуде.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.