Астанада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар тарады

815

Бүгін белгісіз біреулер мектептердің электронды поштасына хат жолдап, мектепке жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Бұл жайында полицияның "102" арнасына бірнеше шақырту келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Астанада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар тарады

Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды.

Жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

"Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұраймыз" деп ескертеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу