Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар 28 жастағы ер адам ұсталды

415

Оның бұрын істі болғаны белгілі болды. 

Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар 28 жастағы ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Елордада бірнеше ұрлық жасағаны үшін қаланың 28 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның бұрын істі болғаны және Ақмола облысында пробациялық есепте тұрғаны анықталды.

"Ол осыған ұқсас қылмыстарға қайта барған. Пластикалық терезелерді бұзу арқылы қалада 4 ұрлық жасады. Ер адам үй иелерінің жоқ екеніне көзі жеткен соң жеке үйлерге кіріп, электроника, зергерлік бұйымдар және т.б. қолына іліккеннің бәрін ұрлаған. Кезекті ұрлықтан кейін ол ұсталды", – деді қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Полицияға жәбірленушінің бірі жүгініп, белгісіз адам оның Жаркөл көшесінде орналасқан үйіне кіріп, екі Samsung ұялы телефонын және Apple планшетін ұрлап кеткенін айтқан.

Ақпаратқа сәйкес, күдіктінің осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.

Шолохов көшесінде жеке үйге пластикалық терезені бұзып кіріп, Samsung теледидарын ұрлап кеткен. Бұдан басқа Бәйшешек көшесі мен Сливовая көшесінде орналасқан үйлерден алтын бұйымдарды қолды қылған. Осылайша 1,5 млн теңгеден астам шығын келтірген. Ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, белгісіз адамдарға сатқан.

Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу