Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

505

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іздеуде жүрген 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам қалалық мешіттеy жасырын түрде бөтен біреудің Samsung маркалы телефонын алып кеткен. 

Күдікті өзге адамның басқа жаққа көңілі ауғанын пайдаланып, оның телефонын алып кеткені анықталды. Екінші жағдайда ол компьютер клубынан телефонды алып кеткен. 

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның Алматы қаласында бірқатар ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы үшін іздеуде жүргені белгілі болды. Қылмысқа қатысы бар адам кінәсін мойындап, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу