Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

538

Шығын көлемі 500 мың теңгеден асты

Астанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматы ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қатарынан бірнеше ұрлық жасаған 26 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол осы айда тағы екі рет құрылыс материалдарын ұрлау фактісін жасаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгеден асқан. 

Бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам өз кінәсін толық мойындады. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен дәлелденіп, заттай құндылықтар тәркіленді. 

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елорданың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам өз кінәсін толық мойындады. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен дәлелденіп, заттай құндылықтар тәркіленді. 

Сонымен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елорданың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар Астана қаласының полиция департаментіне Бейбітшілік 19 мекенжайы бойынша немесе 8(7172)71-60-69, 71-61-48 телефон нөмірлері арқылы немесе “102” арнасы арқылы хабарласуларын сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу