Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді

117

Бұл туралы CTS Transport Systems компаниясы хабарлады. 

Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың 5 мамырында елордада тоғыз жолаушылар автобусының жүріс кестесіне жолдардағы жөндеу жұмыстарына байланысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 автобустардың қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген көлік компаниясы хабарламасында.

Аталған автобустардың қозғалыс сызбасымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу