Астанада бірыңғай есеп күні өтеді

648

Бақылау және қадағалау органдарының мамандары бизнес-қауымдастықтың алдында есеп береді.

Астанада бірыңғай есеп күні өтеді Фото: inbusiness.kz

Астанада 28 қыркүйек күні сағат 11.00-де онлайн режимде бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастықтың алдындағы Бірыңғай есеп күні өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бақылау және қадағалау органдары 1 қаңтардан бастап 1 тамызға дейін жүргізілген жұмыстар мен тексерулердің динамикасы туралы есеп береді.

Бұл кездесу жыл сайын кәсіпкерлікті мемлекеттің бақылау және қадағалау функцияларымен таныстыру, кәсіпкерлік субъектілер мен ұйымдардың қауіпсіз қызметі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Отырысқа мынадай мемлекеттік органдар қатысады:

- Астана қаласының прокуратурасы;

- Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;

- Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

- Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті;

- Астана қаласы бойынша еңбек, және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті;

- Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы;

- Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті;

- Астана қаласының Әділет департаменті;

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті;

- Астана қаласының полиция Департаменті;

- Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің басқармасы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы; 

- Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы;

- Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

- Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті;

- Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы;

- Астана қаласының Қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу