Астанада биыл 12 саябақ пайда болады

2603

Астанада биыл 12 саябақ пайда болады

Астананың Сарыарқа ауданында сүрілетін ескі үйлердің орнына оннан астам жаңа саябақ пайда болады. Бұл туралы аудан әкімі Арман Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады naryk.kz.

"Темір жол вокзалына жақын орналасуын ескере отырып Біржан Сал көшесінде чемодандар саябағын салатын болдық", – деді әкім.

Оның айтуынша, биыл 12 саябақ салынады.

Осындай тағы бір жоба иллюзия саябағы. Республика мен Дүкенұлы көшелерінің қиылысында иллюзия саябағы, онда Эймс бөлмесі салынады. Бұл бөлменің бір бұрышында тұрған адам екінші бұрышындағы адаммен салыстырғанда алып болып көрінеді. Сонымен қатар, "көзді алдайтын" басқа да бөлмелер жасалмақ.

Тақырыптық гүлзарлардан бөлек қала билігі орамаралық кеңістіктер жасамақ. Үйлердің аулаларында ойын алаңдары мен скейтборд алаңдары салынбақ. Қазір аталған жұмыстардың қай жерлерде жасалатыны анықталды. Олардың тізімі төмендегіше:

1. Бейбітшілік көшесі, 18/1 — 0.25 га.
2. Сарыарқа даңғылы, 15 — 0.9 га.
3. Н. Тілендиев даңғылы, 36 — 0.72 га.
4. Г. Потанин көшесі, 16, 18, 20 — 0.44 га.
5. Ш. Айманов көшесі, 22/1 — 0.51 га.
6. Конституция көшесі, 28 — 0.65 га.
7. Желтоқсан көшесі, 17 — 0.68 га.
8. Жеңіс көшесі, 43/1 — 0.68 га.
9. Құтпанов көшесі, 4 — 0.18 га.
10. Сарыбұлақ жағалауы — 1.1 га.
11. Дүкенұлы көшесі, 13 — 0.26 га.
12. Дүкенұлы көшесі 10 — 0.3 га.
13. Жеңіс көшесі, 73 — 0.14 га.
14 . Желтоқсан көшесі 32/1 — 0.5 га.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу