Астанада биыл 92 мың адам табиғи газбен қамтылады

629

Биылғы жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 23 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Астанада биыл 92 мың адам табиғи газбен қамтылады

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1-ші кезектің және 2-ші кезектің екі іске қосу кешенінің құрылысы аяқталып, "Көктал-1,2", "Агрогородок", "Железнодорожный", "Промышленный", "Күйгенжар", "Мичурино", "Интернациональный" т/а, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жақтарында, Потанин көш. ауданындағы қаланың ескі бөлігіне газ жіберу қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 14 мыңнан астам абонент немесе 191 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізді.

"Биыл республикалық бюджеттен халық саны шамамен 92 мың адам болатын Тельман, Пригородный, Фэмили Вилладж, Гарден Вилладж, Ильинка, Қараөткел, Шұбар, Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарына жеткізу желілерін салуды көздейтін 2,3-кезектің құрылысы бойынша жобаларды іске асыруға 23 млрд.теңге қаржы бөлінді", - деді Ақшолақов.                  

Қала әкімдігі газ тарату желілерін салу жөніндегі жобаларды әзірлеуді қатар жүргізуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу