Астанада биыл алғаш рет әуесқой желаяқтар арасында жарыс өтті

170

Биыл далада алғаш рет ұйымдастырылған турнирде 500-ден астам әуесқой желаяқ бас қосты. 

Астанада биыл алғаш рет әуесқой желаяқтар арасында жарыс өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана төріндегі "Триатлон" саябағында 5 шақырымды құраған маусымның алғашқы жарысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Astana run – 4 кезеңнен тұратын әрі қаланың түрлі жерінде өтетін ерекше сайыс. Кейінгі жылдары Астана қаласына көшіп келушілердің саны бойынша көшбасшылардың қатарына кіреді. Сондықтан, дәстүрлі бәсекеміздің әр кезеңінде шамамен 30% қатысушы бірінші рет қатысады. Олар тек жүгіріп қана қоймай, хоббиіне сәйкес адамдармен танысып, қалаға тез сіңісіп кетеді", - дейді жарыс ұйымдастырушы Жанат Қожахметов.

Жүгіруді жаны сүйетін әуесқой желаяқтар жылдың 4 мезгілінде жүгіріп, әр кезеңде қаланың сәніне айналған ғимараттары, сәулеттері бейнеленген медальды иеленеді.

Жарыс барысында ересектер 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан жоғары санатта жеңімпаздарды анықтаса, 3-9 жас аралығындағы балалар 400 метр, 10-17 жастағы жасөспірімдер 1 шақырымға жүгірді.

"2019 жылдан кейінгі ресми алғашқы жарысым. Салыстырмалы түрде жүгіру соңғы кезде трендке айналды. Алайда осындай үрдіс моно қалаларда да жалғасын тапса екен деймін. Себебі, кіші қалаларда жүгіру, велосипед жүргізу әлі салауатты өмірдің бір бөлшегі ретінде толыққанды саналмайды", - деді Асыл есімді  қатысушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу