Астанада биыл бір айға толмаған 33 шақалақтың жүрегіне ота жасалды

529

Жыл басынан бері елордада бір айға толмаған 4 800 нәресте медициналық көмек  алған.  

Астанада биыл бір айға толмаған 33 шақалақтың жүрегіне ота жасалды Фото: yandex.kz

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Астана филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда биыл елордада ота жасау көрсеткіші 3,6 пайызға өскен, деп жазады inbusiness.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"0-28 күндік 4800 нәрестеге 2 млрд 125 мың теңге сомасына медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 33 балаға 92 млн 598 мың теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық көмек арқылы жүрекке ота жасалып, оңалтудың бірінші сатысынан өткен", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның дерегінше, биыл МӘМС аясында кардиология бойынша – 478 ота жасалған. 

"Тек жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып, МӘМС арқылы 17,04 млрд теңге сомасына қосымша 6130 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, кардиохирургиялық – 1206 ота, нейрохирургиялық ота – 612 адамға, ортопедиялық ота – 172 пациентке; несеп-жыныс жүйесі аурулары бойынша – 2039, ас қорыту аурулары бойынша 429 пациентке ота жасалған. Барлығы 303 438 пациентке ем жүргізілген" - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу