Астанада бизнес үшін электр энергиясының құны арзандады

222

Туындаған сұрақтар бойынша "Атсанаэнергосбыт" ЖШС-на жүгінуге болады.

Астанада бизнес үшін электр энергиясының құны арзандады Фото: gov.kz

"Астанаэнергосбыт" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін яғни 18%-ға төмендету туралы хабарлама берді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет мәліметінше, төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

"Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Астанаэнергосбыт" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Астана қаласының заңды тұлғаларының "Астанаэнергосбыт" ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар", - делінген комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу