Бочча - тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар қатыса алатын паралимпиадалық спорт түрі.
Чемпионатпен қатар Children Paralympic Games инклюзивті спорт фестивалі басталды. 500 ге жуық қатысушы төрт күн бойы жүзу, каратэ (ката), таеквондо (пхумсе), дзюдо (көрсетілімдер), футбол (эстафета), голбол, бочча, жеңіл атлетика және тағы да басқа спорт түрлері бойынша сайысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдминге сілтеме жасап.
Турнир елорда төрінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.
"Фестиваль аясында "Инклюзивті хореография" үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында шығармашылық би байқауы өтеді. Қатар басталған сайыстар "Жалпыға қолжетімді спорт, шектеусіз спорт" ұранымен өтіп жатыр.
Министрлік елімізде паралимпиада және инклюзивті спорт түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлетінін атап өткім келеді", деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.