Астана қаласында бокстан қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды. Жарыста еліміздің 14 өңірінен 90-ға жуық боксшы қыз бақ сынайды, деп хабарлайды vesti.kz.
Ел біріншілігіне әлем чемпиондары – Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева да қатысады. Сондай-ақ Рио олимпиадасының қатысушылары – Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова да жарыс жолына шығады.
Әдеттегідей, біріншіліктің қортындысында ұлттық команданың жаңа құрамы қалыптасады. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада аясында бапкерлер құрамы "олимпиадалық" өлшеулі салмақ дәрежелеріне – 51, 60 және 75 келіге ерекше мән береді.
Ел біріншілігінің финалдық кездесулері 8 мамыр күні өтеді.
Айта кетейік, бұл күндері Ташкентте бокстан ерлер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. 8 қазақ боксшысы жартылай финалға өтті.