Астанада бомба туралы жалған ақпарат берген мектеп оқушысы ұсталды

91

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астанада бомба туралы жалған ақпарат берген мектеп оқушысы ұсталды Фото: © Photo : Unsplash / Asterfolio

Елордадағы мектептердің бірінде ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар түскен. Жасөспірім алдымен роботтандырылған дауыспен қоңырау шалған, 2 күннен соң мектеп директорының жеке нөміріне хабарлама жолдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі жағдайда да шұғыл қызметтер мектепті толық эвакуациялап, ғимаратты тексеріп, қауіптің жоқ екенін анықтады. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде аталған хабарламаларды 8 сынып оқушысы жібергені анықталды. 

Жасөспірім әлеуметтік желіден жалған минирлеу туралы хабарламалар жіберу үшін ақы төлеуді ұсынған жазбаны көріп, өзінің телефонына қолжетімділік берген. Осылайша ол сабақтың өтуіне кедергі жасаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ата-анасы баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылды. 

Оқушы кәмелетке толмағандар есебіне қойылды. Полиция көрінеу жалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделетінін және келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеті жүктелетінін еске салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу