Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

684

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады. 

Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ 2023 жылғы 3 тамызда сағат 14:30-17:00 "Жастар" сарайында өтетін "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін" ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, "БАЗИС-А" құрылыс компаниясы, "Центрказэнергомонтаж" АҚ, "Магнум" сауда желісі, "Мечта" дүкені, "SMEU Astana" ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс", "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалар кәсіптік оқыту және "enbek.kz" порталымен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу