Астанада босқындарды қорғау және интеграциялау мәселелері талқыланды

Елімізде 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірленген.  

Астанада босқындарды қорғау және интеграциялау мәселелері талқыланды Фото: pixabay.com

Елордада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ильяс Испановтың төрағалығымен босқындарды қорғау және интеграциялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ), ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, ҚР Қызыл Жарты Ай Ұлттық Қоғамының, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның, мүдделі мемлекеттік органдардың сонымен қатар босқындар қауымдастығы өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстандағы босқындардың өзекті мәселелері, сондай-ақ осал жағдайдағы мигранттармен қарым-қатынас қағидаттары қаралды. Нью-Йорктегі босқындар мен мигранттар туралы декларация, босқындарға қатысты шаралар кешені және жаһандық босқындар туралы шарт шеңберінде БҰҰ шешімдерінен туындайтын шараларды іске асыру барысы талқыланды.

Ильяс Испанов өз сөзінде Еңбекмині Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті.

"Осы mұжырымдама шеңберінде елдің көші-қон саясаты ұлттық ерекшелікке бейімделген үздік әлемдік тәжірибелерге негізделетін және отандық экономиканың дамуына ықпал етеді", – деді спикер.

Кездесу қорытындысы бойынша босқындардың негізгі экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу