Астанада Ботаникалық бақ ашылады

1128

Астанада Ботаникалық бақ ашылады

Құрылысы 2016 жылы басталған Ботаникалық бақ 2017 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды "Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ.

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

"Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұл ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына", – делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 гектар аумақта - Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелерінің аралығында орналасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу