Астанада брендтік дүкеннен киім ұрлаған ер адам ұсталды

743

Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Астанада брендтік дүкеннен киім ұрлаған ер адам ұсталды Фото: Polisia.kz

Астанада брендтік бутиктен киім ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық дүкеннің өкілі сөреден тауардың ұрланғаны туралы полицияға хабарлаған. Аталған қылмыс қаладағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде орын алған. Ұрлық сәті сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Бейнежазбада белгісіз ер адам бутикке келіп, ілулі тұрған күртешені алып кетіп бара жатқаны көрінеді. Белгілі болғандай, ер адам брендтік дүкеннің алдынан өтіп бара жатып, тауарлар сөресінде тұрған құны 189 мың теңге тұратын күртешеге көзі түскен. Жан-жағында адам жоғын пайдаланып, киімді ілгіштен шешіп алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адамды анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы елордалық азамат болып шықты. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу