Астанада бүгіннен бастап 3 экспресс автобус іске қосылады

198

Елордада 25 қаңтардан бастап жаңа №506, 507, 508 экспресс-бағдарлары жолға шығады, деп хабарлайды CTS компаниясының баспасөз қызметі.

Астанада бүгіннен бастап 3 экспресс автобус іске қосылады Фото: fotobus.msk.ru

Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды.

  • №506 І. Жансүгірұлы көшесі – "Family village" тұрғын үй кешені;
  • №507 "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;
  • №508 "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы".

Атап айтқанда, №506 бағдар Мәңгілік ел даңғылымен тура жүретін болса, №507 экспресс-бағдар Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына дейін тікелей жүріп, бұған дейін қоғамдық көлік қатынасы болмаған Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігінде көліктік қызметті қамтамасыз етеді.

№508 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесімен (Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін), Сарайшық көшесімен "Министрліктер үйі" аялдамасына дейін тікелей қатынайды, одан әрі Ж. Нәжімеденов көшесімен "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін жүреді.

Жаңа бағыттар уақытыңызды үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу