19 ақпан күні елордада "Бұрқасын-2023" қысқы фестивалі өтеді, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталатын болады.
"Келесі спорт түрінен жарыстар өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Жарысқа денсаулығы жарамды барлық тілек білдіруші қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет", - делінген хабарламада.
Шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын беріледі.