Астанада қатты бұршақтан кейін егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Сағат 19:42-де ауа райының қолайсыздығынан (ірі бұршақ) жедел жәрдем қызметіне екі адам: 52 жастағы әйел мен алты жасар бала хабарласты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Департаменттің мәліметінше, қалалық ауруханалардың реанимация бөліміне түскендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу