Астанада бұрынғы әйелін бірнеше жыл бойы аңдыған ер адам жазаланды

184

Ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.  

Астанада бұрынғы әйелін бірнеше жыл бойы аңдыған ер адам жазаланды Фото: Yur.kz

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы бойынша сталкинг дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, оның нәтижесінде тұлға кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ер адам бірнеше жыл бойы ажырасып кеткен әйелінің мазасын алған. Жәбірленуші онымен хабарласпаймын дегеніне қарамастан, сотталан оның үйіне келіп, кіре беріс есігін бұзып, бірнеше рет пәтерге заңсыз кірген. Сотталғанның заңсыз іс-әрекеттерінен жәбірленуші қорқып, пәтерінен кетіп, анасының үйіне барып жүрген. Бұған қарамастан, сотталушы жәбірленушіге барып, агрессивті түрдегі әрекеттер жасап, жанжалды жағдай тудырған.

"Сондай-ақ, сотталушы тұрақты түрде бейтаныс нөмерлерден жәбірленушіге хабарласып, хабарламалар жолдап отырған. Сотталғанның іс-әрекеттері жәбірленушінің үнемі мазасын алып, қорқытатын сипатта болды. Жүйелі түрде заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші өзінің өмірі мен қауіпсіздігі үшін үнемі қорқынышта болып, бұл оның қозғалыс еркіндігін және күнделікті белсенділігін айтарлықтай шектеді", – делінген хабарламада.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп танып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу