2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Астанада бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

476

Қылмыстық іс қозғалды.  

Астанада бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Астанада әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы ақпарат 23 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында түскен. Күдікті бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені туралы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде күдікті полиция қызметкері деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Кінәлі тұлға заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", – делінген полиция хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тараған алдын ала ақпаратқа сәйкес, марқұмның артында екі баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу