Астанада былтыр 1,7 млрд теңге әкімшілік айыппұл өндірілді

747

Астанада былтыр 1,7 млрд теңге әкімшілік айыппұл өндірілді

2017 жылы астанада 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 млрд теңге яғни 58% өндірілді. Астанада жедел-профилактикалық "Борышкер-2018" іс-шарасы басталды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

"Дәл қазіргі таңда бізде "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұл салынған  құқық бұзушылар мен алимент төлемегендерді  анықтау. Операция "Сергек" жүйесі қосылған камера арқылы планшеттің көмегімен жүргізіледі", - дейді Астана ІІД әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ташмұхамбетов. Оның айтуынша, 2017 жылы 300 мың әкімшілік айыппұл салынған, яғни 58% өндірілген. Елордада "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы 16 қаңтардан 19 қаңтарға дейін прокуратура, жекеменшік сот орындаушылары мен полиция инспекторларының қатысуымен өткізілуде. 

Өткізіліп жатқан іс-шараның басты жаңашылдығы, электронды планшетті қолданудың арқасында, әкімшілік айыппұлын өтемеген азаматтарды анықтап, мәжбүрлі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартып болмаса көлік құралына дейін айыппұл салмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу