Ұйымдастырушы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шара барысында министрлік өкілдерін бірнеше форматта тыңдауға мүмкіндік болады.
3 сәуірде сағат 10:00-де конференция медиа киіз үйден тікелей эфирде басталады.
4 сәуір сағат 10:00-де "Жаңа қауіпсіз Қазақстан. Реттеушілер мен сарапшылар" цифрлық қауіпсіздік бөлімінде негізгі аспектілер талқыланатын болады.
Ал сағат 14:45-те конференция БАҚ өкілдерімен және инфлюенсерлермен бірге дөңгелек үстелде аяқталады, онда бизнес пен билік диалогының өзекті тақырыбы қаралады, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық болашағы тақырыбында талқылаулар өтеді.
Шараға осы сілтеме бойынша тіркеледі.