Астанада Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

161

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысы уақытша жабылады Фото: canva

Осыған байланысты 15 тамыз күні сағат 22:00-ден 16 тамыз күні сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 16 тамыздағы сағат 22:00-ден 17 тамыздағы сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу