Астанада дабылды ескерту жарияланды

778

Астанада дабылды ескерту жарияланды

9-11 қаңтар аралығында ауа райының бұзылуына байланысты Астанада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды astana.gov.kz. 

Синоптиктердің болжауынша бұл күндері Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 

"9 қаңтарда күндіз, 10-11 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құраса, 11 қаңтарда оның екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Дабылды ескерту ықтималдығы - 90-95 %", - делінген таратылған хабарламада. 

Астана қаласы ТЖД-нің мамандары қалалықтардан қырағылық танытып, төтенше жағдайлар кезінде 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу